Thursday, 21 January 2021

Телефон доверия

3 - 45 - 23

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту тура

Published in Нормативтік-құқықтық актілер Tuesday, 27 September 2016 05:53

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі

Қарағанды облысы Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акт 2016 жылғы 20 қыркүйекте  нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3962 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                             № 76                                      2016 жылғы 24 тамыз

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  1.          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі «Шарайна» № 28 (2166) газетінде және 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

6 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;

28 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«28. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» № 385 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 13773 болып тіркелген).».

            2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                          Қ. Әділбаев

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                      Т. Хмилярчук

Read 605 times