Thursday, 23 September 2021

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңа 6 шағын ауданға атау беру туралы көпшілік тыңдаулар

Written by  Published in Жаңалықтар Wednesday, 31 August 2016 07:18
Rate this item
(0 votes)

2016 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясында Сәтбаев қаласының жаңа 6 шағын ауданына атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулары өтті.

Көпшілік тыңдаулар «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тарауы 5-тармағына сәйкес белгіленді және өткізілді.

«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Төлеш Қанат Жанділдәұлы Сәтбаев қаласының жаңа 6 шағын ауданын «Нұрлы мекен» деп атау туралы ұсыныс жасады, айтылған ұсынысқа қолдау көрсетіп қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Я.Ж. Асатов, қала тұрғыны Д.И. Маханова сөз сөйледі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының жаңа 6 шағын ауданын «Нұрлы мекен» деп атау қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауыс беруімен қолдау алды.

Көпшілік тыңдаулар жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук, қала әкімінің орынбасары Б.Д. Жақсыбаев қатысты.

Read 4452 times